Астанада әр жылдары қызмет атқарған, борыштарын өтеп жүріп қаза тапқан көліктегі ІІД-нің қызметкерлерін еске алды

АСТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат /Мұрат Жәкеев/ - Астанада әр жылдары қызмет атқарған, қызметтік борыштарын өтеп жүріп қаза тапқан көліктегі ІІД-нің қызметкерлері құрметіне салынған ескерткіштің ашылуы өтті.
None
None

Баспасөз қызметінің таратылған хабарламасында атап көрсетілгендей, көліктегі ішкі істер органдарының пайда болған кезінен бастап қызметтік борыштарын өтеу кезінде 10 қызметкер қаза тапқан. Мұндай оқиға алғаш рет 1947 жылы болған: қоғамдық тәртіпті күзету кезінде қарақшылар қолынан Роман Волошенко қаза тапты. Соңғы оқиға 2008 жылдың 10 тамызында болған. Түн ортасында көрші үйден көмекке шақырып жатқан дауысты естіген Шу стансасының полиция қызметкері аға сержант Рахат Амантаев оқиға орнына жүгіріп, пышақтың астына түсіп көз жұмды.

Қаза тапқан ерлердің құрметіне Астана қаласы көліктегі Орталық ІІД-нің ғимаратында мемориал ашылды.

Соңғы жаңалықтар