Астанада аралас жекпе-жектен Fight Nights boxing бірінші турнирі өтеді

АСТАНА. KAZINFORM — 20 желтоқсанда Астанада аралас жекпе-жектен Fight Nights boxing бірінші турнирі өтеді. Айтулы додада қазақстандық бірнеше жекпе-жек шебері ел намысын қорғайды.

Астанада аралас жекпе-жектен Fight Nights boxing бірінші турнирі өтеді
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Кештің басты қонақтарының бірі қазақстандық боксшы Дәулет Дәукенов колумбиялық нокаутшы Марлон Агуаспен жұдырықтасады. 

жекпе-жек шебері
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Отандасымыз Сапарбай Айдаров аргентиналық жекпе-жек шебері Эмилиано Пучетамен бақ сынайды. 

Жекпе-жектің тағы бір шебері қазақстандық Дамир Исмагұлов бразилиялық нокаут шебері Фелипе Майамен рингке шығады. 

— 20 желтоқсанда тарихи сәтке куә боламыз, оны қайталау қиынға соғады. Біз алғашқы турнирдің идеалға жақын болғанын қалаймыз. Бұл мықты қарсыластардың жекпе-жегі. Кештің арнайы қонақтары Рой Джонс пен Василий Жиров. Турнирдің қорытындысы бойынша жиған тәжірибемізбен 2025 жылы одан әрі бағытымызды нақтылап, талдаймыз. Бұл аралас жекпе-жектің жетістіктерін көрсететін кәсіби бокс кеші болады. Әрине, бұл ойын-сауық шарасы, толыққанды әлеуметтік кеш. Спортшылар үшін ынта-жігер әрқашан екі нәрсемен байланысты — танымалдық және қаржы. Біз оларға екеуін де ұсынуға дайынбыз, — деді Fight Nights промоутерлік компаниясының президенті Камил Гаджиев.

ММА
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Ол бокс Қазақстанда жоғары деңгейде екенін және өте танымал екенін атап өтті. Алайда, спортты одан әрі дамыту үшін жаңа серпін қажет. Оның айтуынша, Қазақстанда тағы бір мықты промоутерлік компанияның пайда болуы тек табыс әкелетініне сенімді.

— Қазақстанның базалық әуесқой мектебі үздік. Тарихи тұрғыдан Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері бар. Алайда, кәсіби боксты бақылай отырып, көптеген талантты спортшылардың кәсіпқой салаға ауысқанын байқаймын, бірақ үлкен биікті бағындыратындар аз. Мүмкін, бұл ел ішінде жүйелі қолдаудың немесе кәсіби боксты дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаның болмауынан шығар. Әрине, Геннадий Головкиннің жолын қайталау қиын, ол үшін Геннадий Головкин болып туылу керек. Алайда, оның кәсіби бокстағы жетістіктеріне ешкім жақындаған жоқ, дегенмен күшті базаны ескерсек, бәрі мүмкін. Мысалы, жақын арада Қарағандыда Қазақстан чемпионаты өтеді, ол жерде ең мықтылар анықталады. Олар әлем, Азия және Олимпиада ойындарында ел атынан қатысады. Бірақ, қалғандары не істеу керек? Менің ойымша, олардың арасында Қазақстанда кәсіби бокстың болашағын қалыптастыруға болады. Біз осымен айналысуды жоспарлап отырмыз, — дейді Камил Гаджиев.

Астанада аралас жекпе-жектен Fight Nights boxing бірінші турнирі өтеді
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Кештің тағы бір жарқын сәті қазақстандық ММА шебері Жалғас Жұмағұловтың кәсіби бокстағы дебюті болмақ. Ол норвегиялық Раванд Оубқа қарсы күреседі.

жекпе-жек шебері
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

— Мен жекпе-жекпен 15 жыл айналысамын. 20 желтоқсанда менің бокстағы дебютім болады. Соңғы үш апта бойы белсенді жаттығып жатырмын. Мен бұрын боксты бағаламадым, қазір бұл оңай спорт емес екенін түсіндім. Барлық қиындыққа қарамастан, сәтті өнер көрсетемін деп үміттенемін. Мен жекпе-жекті тастамаймын, оны бокспен біріктіруді жоспарлап отырмын, — деп бөлісті Жалғас Жұмағұлов.

Ұйымдастырушылар атап өткендей, жүлде қоры әр жекпе-жек үшін әр түрлі болады. 

Первый турнир Fight Nights Boxing в Астане: титульные бои, звездные участники
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

— Біз мықты шетелдік спортшыларды әкелеміз. Мысалы, сол Пучета әлемдік лигаларда бокспен айналысқан және әлем чемпионы атағына үміткер болған. Әрине, оған жақсы ақша төлейміз, бұл бір жағынан қазақстандық боксшыларды танытуға мол мүмкіндік. Бағдарламада барлығы тоғыз жекпе-жек бар, оның ішінде бір әйел жекпе-жегі бар. Турнирге 7-8 елдің өкілдері қатысады, — деді Камил Гаджиев.

Астанада аралас жекпе-жектен Fight Nights boxing бірінші турнирі өтеді
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Жалғас Жұмағұлов АҚШ-та грэпплинг турнирінде жеңімпаз атанды.

Соңғы жаңалықтар