Астанада аралас жекпе-жектен «Көшпенділер шайқасы-5» халықаралық турнирі өтуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласындағы «Қазақстан» спорт кешенінде аралас жекпе-жектен «Көшпенділер шайқасы-5» WMMAA PRO & M-1 Challenge 59 халықаралық турнирі басталды.

Астанада аралас жекпе-жектен «Көшпенділер шайқасы-5» халықаралық турнирі өтуде

«Көшпенділер шайқасы-5» турнирін Қазақстанның ММА федерациясы мен M-1 Global жетекші әлемдік промоушені ұйымдастыруда. Турнирден көрермендер қазақстандық, ресейлік және еуропалық ең үздік палуандардың төбелесiн тамашалайды.

«Көшпенділер шайқасы-5» турнирінің негізгі тартысы ауыр салмақтағы M-1 Challenge-нің экс-чемпионы америкалық Кенни Гарнер (16-8) мен аты аңызға айналған аралас жекпе-жек шебері ресейлiк Сергей Харитонов (22-5) арасында өтеді.

Сондай-ақ, бұл турнирде кәсіби рингте жеңіліп көрмеген отандық спортшы Шавкат Рахмонов өзінің ұрыс тарихындағы үшінші шайқасын өткізеді. MMA санатындағы халықаралық спорт шебері Рахмонов 18 жасында әлем чемпионы атанған. Арнайы белдікті оған аралас үлгідегі жекпе-жек шебері ресейлік Федор Емельяненко табыстаған. Бұл жолы оның қарсыласы Berserkers Arena гран-при жеңімпазы 21 жасар поляк спортшысы Михал Винцек (5-2) болмақ.

«Көшпенділер шайқасы-5» турнирінде ақтөбелік спортшы Сергей Морозов (5-0) алғаш рет 61,2 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткелі отыр. Қарсыласы - Солтүстік Ирландиялық Энди Янг (6-6).

Алдын ала жекпе-жектер:

Рашид Дагаев (Қазақстан) 76,7 - Даниэль Табера (Испания) 77,8

Александр Бойко (Патриот, Украина) 83,3 - Нодар Кудухашвили (Грузия) 84

Дамир Исмагулов (балуан, Оренбург және Қазақстан) 71,1 - Педро Эуженио Гранхо (Испания) 70,5

Антон Пазенко (Branibor Team, Украина) 90,4 - Батраз Агнаев (Александр Невский) 92,9

Еркінбек Інжіл (Қазақстан) 83,9- Артем Фролов (Легион) 83,6

Негізгі шайқастар:

Кенни Гарнер (АҚШ) 120,4 - Сергей Харитонов (Ресей) 126

Шавкат Рахмонов (Қазақстан) 76,9 - Михал Винцек (Польша) 76,9

Луиджи Фиораванти (АҚШ) 84,3 - Сергей Ковалев (Fightspirit) 84

Сергей Морозов (Қазақстан) 61,2 - Энди Янг (Северная Ирландия) 60,5

Давид Траллеро (Испания) 108,5 - Заур Гаджибабаев (Baku Fighters, Әзірбайжан) 112,3

Турнирді «Хабар» және «KazSport» арналары көрсетедi.