Астанада Арбат ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең, маусымның 4-і күні аталған жобаның авторы Арай Ордабаева барлық шеберлерді жинап, бейресми түрде кездесуді жоспарлап отыр. Сол жерде ол маусымның 11-і күні ресми түрде ашылатын Арбаттың барлық техникалық мәселелерін талқылауды көздейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Иә, ертең біз қолөнер шеберлері, суретшілер, әртістер, ақындар және тағы басқа шығармашыл адамдарды жинап, ресми ашылуға дайындықты пысықтауды жоспарлап отырмыз. Сосын олар Арбаттың орнын көріп алсын деймін. Ол жерді тағы қалай көркейте аламыз, нені қосу қажет, кім қандай идеяларды қосады, соның бәрін талқылаймыз», - деді #ХОЧУАРБАТқозғалысының бастамашысы Арай Ордабаева ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, астаналық Арбат Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы (Есіл өзеніне жақын- авт.) алдындағы жаяу жолдың бойында ашылады. Сол жерде киіз үйлер тігіліп, шеберлік сыныптары да ұйымдастырылатын болады. «Ал 11 маусым күні кешкі сағат20:00-де Астанадағы Арбаттың ресми ашылуы болады. ЭКСПО-ның ашылуынан кейінхалық сәл босап, Есіл өзеніне қарай ығысады деп ойлаймыз. Сосын Арбаттың бойымен біз түрлі-түсті шамдардан жұлдызды аспанды істеп қойдық. Сол себепті ашылу рәсімін кешкі уақытқа жоспарлап отырмыз», -  деп атап көрсетті А. Ордабаева.

Соңғы жаңалықтар