Астанада ардагерлерге шұғыл көмек шақыратын арнайы ұялы телефондар таратыла бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» АҚ елордада «Өмір Жолы» атты бірегей жобаны бастады. Осынау Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған кең ауқымды науқан аясында Қазақстанда тұратын Ұлы Отан соғысының қатысушылары - ардагерлерді шұғыл көмек жүйесіне қосуға бағытталған «Өмір Жолы» («Линия жизни») әлеуметтік жобасын жүзеге асыру да өтуде.

Астанада ардагерлерге шұғыл көмек шақыратын арнайы ұялы телефондар таратыла бастады

Жүйенің өзі стационарлық және ұялы құрылғыларды қосады, оған шұғыл көмекке шақыратын «шұғыл түйме» орнатылған», - делінген қордың таратқан хабарламасында.

29 қаңтар, бейсенбі күні Астана қаласы «Өмір Жолы» қоғамдық қоры «Өмір түймелерін» ҚР Ардагерлері ұйымының Орталық кеңесіне беруге кіріседі, одан кейін оларды ардагерлердің қалалық кеңестеріне жөнелтеді. Елордада тұрып жатқан Ұлы Отан соғысының барлық 229 ардагері өздерінің ұялы құрылғыларын алдағы екі апта ішінде алады деп күтілуде.

«Өмір Жолы» қорының атқарушы директоры Эрнар Нұрбековтің айтуынша, келесі кезекте Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысы тұр.

«Бұл облыста 376 ардагерге арнайы ұялы телефон беріледі. 30 сәуірге дейін біз барлық 5083 соғыс ардагерін «Өмір Жолы» жүйесіне қосуды аяқтаймыз». «Өмір түймесі» - қолдануы жеңіл құрылғы. Оның девайсы ұялы телефон сияқты, оның артында «SOS» түймесі орналасқан. Оны басқанда ардагер көмек орталығына белгі жібере алады. Үш секунд бойы оператордың алдында абоненттің жеке картасы шығады, онда оның ауруларының барлық белгілері жазылған. Құрылғы дыбысы қатты байланыс және микрофонмен жабдықталған. Оператор нақтылайтын сұрақтар қойып, абонентпен тілдесе алады. Егер адамның халі мүлдем мүшкіл болып, сөйлесуге шамасы келмесе, оператор дереу «жедел жәрдем» шақырады. Ары қарай оператор ардагерге қажетті көмек көрсете алатын барлық туыстарына немесе жақындарына хабар таратады», - деп атап өтті ол.

Жұмыс ҚР Ардагерлері ұйымымен, «Еуразиялық медиа форум» халықаралық қорымен, «Өмір Жолы» қоғамдық қорымен, «Beeline» байланыс операторымен және басқа да серіктес-ұйымдармен бірге жүргізіледі.

«Осы әлеуметтік жобаны жүзеге асырғанда ардагерлерге көмек бір мәрте ғана емес, кешенді және жүйелі түрде жасалатынына назар аудару керек. ҰОС ардагерлерінің барлық қажеттіліктерін өтеуге тырысамыз», дейді «Еуразиялық медиа форумның» бас директоры Руслан Жемков.