Астанада «Арманда кеткен боздақтар» атты естелік кітабының алғашқы бөлімі таныстырылды

АСТАНА Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай Астанада «Арманда кеткен боздақтар» атты естелік кітабының алғашқы бөлімі таныстырылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ардагерлердің орталық кеңесі төрағасының орынбасары, генерал-майор Бекболат Мұқышевтің айтуынша, бұл кітап сұрапыл соғыс жылдары кезінде Австрия мен Германия аумағында қаза болған қазақстандық боздақтардың тағдырын танып-білуге мүмкіндік береді. «Бұл тарихи жинақ сол боздақтардың туған-туыстарына майданда мерт болған ата-ағаларының жерленген жерін табуға көмектеседі. Егер, бұған дейін Қазақстанның Австриядағы елшілігі шығарған естелік кітапта 980 қазақстандық жауынгер туралы ақпарат жинақталса, Қазақстанның Германия мемлекетіндегі елшілігі жариялап отырған «Арманда кеткен боздақтар» жинағының бірінші бөлімінде сол кездегі фашистік Германияның концлагерлерінде қаза тапқан 6228 қазақстандық азаматтар туралы тарихи деректер топтастырылған», деді Б. Мұқышев.

Соңғы жаңалықтар