Астанада «Армысың, әз-Наурыз!» театрландырылған қойылымы өтеді

деп хабарлады аталған білім ордасының баспасөз қызметінен.
Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылып отырған театрландырылған концерттік қойылымда университет құрамындағы Ұлттық дәстүрлер театрының әртістері өз өнерлерін ортаға салады. Осы күні сахнадан халық фольклорындағы кейіпкерлерін, атап айтқанда, Қызыр Ата, Ел Анасы, Алдар көсе, Қожанасыр, Тазша бала, Шық бермес Шығайбай, Дәметкен, Бізбике бейнелерін көруге болады.
Алдар көсе бейнесін әртіс Жанқалдыбек Төленбаев сомдаса, Қожанасырды әртіс Ақыш Омаров ойнайды. Театр әртісі Жанар Шоқпанова Тазша бала болып көрермендерді күлкіге қарық қылады. Сондай-ақ күміс көмей әншілер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Гүлзира Бөкейханқызы мен Эльмира Жаңабергенованың орындауындағы әсем әндерді тыңдап, құлақ құрышын қандыра аласыздар.
Концерттік қойылымның режиссері - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сәулебек Асылханұлы. Өлеңдерін жазған - ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлы. Суретшісі - Ардақ Торғабылов.