Астанада арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету бөлімі қабылдау жүргізіп жатыр
АСТАНА. 2 тамыз. ҚазАқпарат - Астана қаласы Есіл ауданы әкімінің аппараты жанындағы мүгедектерге, қарттарға (жалғызбасты қарттарға),
психоневрологиялық ауытқушылықтары бар және тірек-қимыл аппараттары бұзылған мүгедек балаларға үйде арнайы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімі қабылдау жүргізіп жатыр, деп хабарлады аудан әкімдігінен.
Бөлім жұмысының мақсаты мен міндеті - мүгедек балалардың жетіліп-дамуына ықпал ету және сауықтыру, сондай-ақ қарттар мен мүгедектердің өмір сапасын жақсарту.
Еске салайық, бөлім 2013 жылы қаңтар айында ашылды. Ол өзгелердің көмегіне мұқтаж жалғызбасты мүгедектерге және зейнеткерлерге, 1,5-18 жас аралығындағы мүгедек балаларға үйде арнайы қызмет көрсетеді.