Астанада «Ару-Астана 2012» және «Beauty Word 2012» көрмелері өтуде

АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы «Көрме» орталығында «КАЗЭКСПО» компаниясының ұйымдастыруымен 9-шы «Ару-Астана 2012» Халықаралық зергерлік көрмесі мен 6-шы «Beauty Word 2012» Халықаралық сұлулық пен сән индустрия көрмесі ашылды.

Астанада «Ару-Астана 2012» және «Beauty Word 2012» көрмелері өтуде

Көрме 11 қарашаға дейін жалғасады.

«КАЗЭКСПО» Халықаралық көрме компаниясының директоры Римма Ғалымжанованың айтуынша, «Ару» халықаралық зергерлік көрмесі жыл сайын екі рет, көктемде «Ару-Алматы» деген атпен Алматыда, ал күзде «Ару-Астана» деген атпен Астанада өткізіледі.

«Биылғы көрмеге Ресей, Түркия, Украина, Армения, Бельгия, Үндістан, Біріккен Араб Әмірліктері, Өзбекстан және Қазақстаннан 60-тан аса ірі экспонеттер қатысып отыр. Былтырғы көрмені 10 мыңнан астам адам тамашалаған. Бұл дегеніңіз осы арнайы жобаның өзіндк ерекшелігін көрсетеді», - дейді Римма Ғалымжанова.

Көрмеге келушілердің назарына жаңа және классикалық үлгілердегі асыл және жартылай асыл тастармен көмкерілген алтын, күміс және платинадан жасалған бұйымдар және сонымен қатар, зергерлік өнерінің шеберлері қолынан шыққан бижутерия, қол сағаттары, ас үй бұйымдары және ыдыс-аяқ, естелік бұйымдар, аксессуарлар және басқа да бұйымдар қойылған.

Ал «Beauty Word 2012» Халықаралық сұлулық пен сән индустрия көрмесіне алыс-жақын шет елдердің beauty-индустрия саласындағы ірі компаниялары қатысып отыр. Көрменің 4 күнінде косметалогия саласындағы шеберлік сыныптары өткізіледі. 

Шаралар ҚР Үкіметі, Астана қаласының әкімшілігі, Қазақстан көркемсурет академиясы және Қазақстан зергерлерінің ұлттық ассоциациясының қолдауымен өткізілуде.