Астанада аса ірі көлемдегі контрафактілік өнімдер тәркіленді ? Қаржы полициясы

АСТАНА. Қаңтардың 20-ы. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - «Нұр Отан» ХДП мен Астана қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (Қаржы полициясы) ортақ күшімен елордада контрафактілік дискілерді шығарумен және таратумен айналысып келген цехтің жұмысы тоқтатылды.
None
None
Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП-нің Астанадағы филиалында өткен брифингте қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары Рауан Шәрденов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Р.Шәрденовтің айтуынша, бұл Астана тарихында ең ірі оқиға болып табылады. «Тексеріс барысында 20 мыңнан астам лицензиясыз бейне, аудио дискілер тәркіленді», - дейді ол. Сараптамадан белгілі болғанындай, аталмыш цех елордада бірнеше жылдар бойы жасырын жұмыс жасап келген. Оған 6 адамның қатысы болған. Олардың үшеуі - Өзбекстан азаматтары. Ал топтың ұйымдастырушылары саналатын үш азамат - қазақстандықтар.
Соңғы жаңалықтар