Астанада асфальт төсеу жұмыстары кезінде жұмысшы қаза тапты

АСТАНА.  Қыркүйектің   14-і. ҚазАқпарат - Астанада асфальт төсеу  жұмыстары кезінде  каток машинасының  жүргізушісі  жұмысшыны басып  кетті, 

Астанада  асфальт  төсеу жұмыстары    кезінде    жұмысшы   қаза  тапты

деп   хабарлайды   Төтенше жағдайлар  министрлігінің баспасөз қызметінен.

Қайғылы оқиға  жексенбі күні кешкі  сағат 20.35-те  Иманов   және  Уәлиханов көшелерінің  қиылысында салынып жатқан «King»  қонақ үй  кешенінің  маңында  орын алды. Асфальт төсеу кезінде каток   жүргізушісі  «Ер Құрылыс НТ»  жауапкершілігі  шектеулі  серіктестігінің 19 жастағы жұмысшысын  басып  кетіп,      зардап шегуші  оқиға орнында көз жұмды.