Астанада ашық аспан астында «МУЗ-ТВ 2015. Гравитация» жүлдесінің pre-party іс-шарасы өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 4 маусым күні Астанада «МУЗ-ТВ 2015. ГРАВИТАЦИЯ» жүлдесінің «Open Air» атты үлкен гала-концерті - pre-party өтеді деп күтілуде. Іс-шара «Қазақстан» телеарнасының тікелей эфирінде беріледі, ал бір аптадан соң концерт «МУЗ-ТВ» телеарнасының эфирінен көрсетіледі.
Концертке келемін деушілерге есік ашық, концерт «Астана-Арена» стадионының алдындағы алаңда тегін өтеді, деп хабарлайды «Қазақстан» РТРК баспасөз қызметінен.
Заманауи, сапалы музыканың жанкүйерлері мен сауық-сайранды ұнататын көрермендерге ресейлік және қазақстандық 50-ден астам әнші өнерлерін көрсетеді, олардың ішінде: Глюк'оZа, Джиган, Юля Савичева, «MBAND», Бьянка, «Дискотека Авария», Ирина Дубцова, Митя Фомин, «Градусы», «Банд'Эрос», Пицца, «Фабрика», Виктория Дайнеко, Анна Семенович, Сати Казанова, Томас Nevergreen, Стас Костюшкин, Александр Ревва, SWANKY TUNES, Доминик Джокер және тағы басқалары бар.
Келесі күні, яғни, 5 маусымда «Астана-Арена» стадионында «МУЗ-ТВ 2015. Гравитация» жүлдесімен марапаттау рәсімі өтеді. Осы үлкен іс-шара «Қазақстан» телеарнасынан Қазақстанның барлық өңірлерінде тікелей эфирде көрсетіледі.
Естеріңізге сала кетейік, 31 наурыз күні көрермендердің және «МУЗ-ТВ 2015. Гравитация» жүлдесі академиктерінің дауыс беруі ресми түрде басталды.
Сондай-ақ бұл күні жүлденің арнайы шақыртылған қонағының есімі белгілі болды. «МУЗ-ТВ» арнасы телекөрермендерінің көптеген сұраулары бойынша, әлемдік хит-шерулерде жетекші орынды иеленіп жүрген, «You Will Never Know» жүз пайыз хит әнінің орындаушысы, француз әншісі Imany «МУЗ-ТВ 2015. Гравитация» жүлдесінің арнайы шақыртылған қонақтарының бірі.
«МУЗ-ТВ 2015. Гравитация» жүлдесінің номинаттарына дауыс беру екі кезеңде өтуде. Бірінші кезеңде сараптамалық дауыс беру арқылы әр бір категория бойынша номинанттардың бестігі анықталды. Екінші кезеңде әр бір номинация бойынша жеңімпаздарға дауыс беруге «МУЗ-ТВ» арнасының көрермендерімен бірге жүлденің академиктері де қатысады. «МУЗ-ТВ 2015. Гравитация» жүлдесінің жеңімпаздары 5 маусым күні жарияланатын болады.
Бұдан басқа, осы жылы номинациялардың саны артты. Үйреншікті он бір номинацияның орнына жеңімпаздар он төрт номинацияда анықталатын болады. Енді «Үздік әйел бейнесі», «Үздік ерлер бейнесі» және «Шетел тіліндегі үздік әнге» дауыс беруге болады. «МУЗ-ТВ 2015» басшылығы осы жүлдені Астанада өткізуге орай «Қазақстанның үздік жыл әртісі» арнайы номинациясын тағайындау туралы шешім қабылдады.
«Қазақстанның үздік жыл әртісі» номинациясына Әли Оқапов, Нұрлан Абдуллин, Жанар Дұғалова, Қайрат Нұртас және «Мұзарт» тобы ұсынылды. «Үздік орындаушы» номинациясына Дима Билан, Филипп Киркоров, Сергей Лазарев, Валерий Меладзе және Григорий Лепс ұсынылды. «Үздік орындаушы» (әйелдер арасында) Ани Лорак, Полина Гагарина, Нюша, Вера Брежнева және Елка бақ сынасатын болады. «Үздік поп-топ» номинациясына «А-Студио», «Банд'Эрос», «Дискотека авария», «Градусы» және «Серебро» топтары ұсынылды. «Жылдың үздігі» номинациясы бойынша Егор Крид, M-band, Никита Пресняков және Multiverse тобы, Наргиз, IOWA сынды әншілерді таңдауға болады. Сондай-ақ «Үздік альбом», «Үздік хип-хоп жоба», «Үздік рок-топ», «Үздік ерлер бейнесі», «Үздік концерттік шоу», «Үздік бейне» номинациялары ұсынылады. http://premia.muz-tv.ru/voting/ .