Астанада әскерилендірілген темір жол күзетінің экс-қызметкерлеріне қатысты сот үкімі шықты

приговор
Фото: pixabay.com

АСТАНА. KAZINFORM —2024 жылы 29 сәуірде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында мекемеге аса ірі мөлшерде зиян келтірді деп айып тағылған «Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС-ның бұрынғы қызметкерлеріне қатысты үкім шықты. 

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, сотта Н-ның ЖШС бас директоры бола отырып, бас директордың орынбасары М-мен және бас менеджер С-мен алдын ала сөз байласып, бейнебақылау жүйесіне арналған жабдықтар кешенін сатып алуға арналған 159 млн теңгеден астам аса ірі мөлшердегі мекемеге тиесілі ақшалай қаражатты иемденгені анықталды. Сондай-ақ, Н. өз өкілеттігін асыра пайдаланып, С-ны ЖШС-нің құрылымдық бөлімшесіне көлік жүргізушісі ретінде жұмысқа орналастырып, өзінің жеке мақсаттары үшін пайдаланған. Осылайша, жалақы түрінде төленген 1,5 млн теңгеден астам сома көлемінде ЖШС-ға залал келтірілген.

Прокурор сотталушыларға 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушылар кінәларын мойындамай, өздерін ақтауды сұрады.

Жәбірленушінің өкілі соттың қалауы бойынша жаза тағайындауды, сондай-ақ азаматтық талапты қанағаттандыруды сұрады. Айыпталушылардың кінәсі ЖШС қызметкерлерінің куәгерлерінің айғақтарымен, аудиторлық қорытындылармен, сараптамалармен, сондай-ақ қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді.

 

Соңғы жаңалықтар