Астанада аспаздардың қалалық ашық фестивалі өтіп жатыр

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Фестиваль шеңберінде ашық аспан астына шағын дәмханалар қойылып, онда қаланың ең үздік аспаздық дүкендері мен мейрамханалары өз өнімдерін ұсынуда.
Үш күнге созылатын фестивальда халыққа көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру мақсатында қатысушылардың арасында байқау ұйымдастырылды. Талғампаз әділқазылар алқасы мен халық арасынан шыққан сарапшылар әр түрлі аталымдар бойынша ұсынылған ас мәзірлерінің арасынан ең таңдаулы деген тағамды анықтайтын болады. Тағамның тіл үйіруімен бірге, көзтартарлықтай безендірілуіне, хош иісіне, құнары мен сапасына және даяшылардың киіміне назар аударылатын болады.
Концерттік бағдарламамен сүйемелденген іс-шара мереке мәресіне жеткенше жалғасып, жастардың би кешіне ұласатын болады. Фестиваль қорытындысы шілденің 6-сы күні шығарылады.