19:49, 27 Наурыз 2015 | GMT +5
Астанада «Ассамблея - бейбітшілік пен ізгілік символы» мерекелік бағдарламасы өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы мен қала әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 28 наурызда политехникалық колледжде «Ассамблея - бейбітшілік пен ізгілік символы» мерекелік бағдарламасын өткізеді.

Бұл шара Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына арналып отыр, деп хабарлады «Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі.
Шараның мақсаты басты құндылықтар - Тәуелсіздікті, бостандықты, бірлікті, Қазақстан халқының бейбітшілігі мен келісімін дәріптеу, Қазақстанда тұратын ұлыстардың шығармашылық көркемөнерпаздығын, дәстүрлері мен салттарын дамыту болмақ.
Шара аясында елорданың этномәдени бірлестіктерінің шығармашыл ұжымдары мерекелік концертін ұсынады.
Бұл шараға оқу орнының оқытушылары мен оқушылары, астаналық этномәдени бірлестіктер өкілдері қатысады.