Астанада «Ассамблея - бейбітшілік пен жақсылық символы» атты концерт өтті (ФОТО)

Шараны ұйымдастырушы - Қазақстан халқы Ассамблеясының Астана қалалық бөлімшесі, шараның мақсаты - әуесқой шығармашылықты, Қазақстанда өмір сүретін ұлттардың салт-дәстүрлерін дамыту.
Іс-шара аясында елордалық этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті. Астана қалалық «Поляки» қоғамдық бірлестігінің «Стокротка» вокалдық ансамблі, тәжік мәдени орталығының бишілері, «Колхети» грузин қоғамдық-мәдени орталығының «Багратиони» вокалдық ансамблі, «Хазар» әзербайжан этномәдени орталығы өкілдерінің және Астана қалалық казактар одағының орындауындағы әндер көрермендердің көңілінен шықты.
Концерт соңында шығармашылық бірлестіктер студенттерді алдағы мерекелермен құттықтап, оларға денсаулық, бақыт және оқуда табыстар тіледі.