Астанада «Astana Minerals & Metallurgy - АММ 2010» минералдық ресурстар мен металлургия жөніндегі 1-ші қазақстандық халықаралық конгресі өтеді
АСТАНА. Маусымның 9-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Ертең, маусымның 10-ы күні Астанадағы «Дипломат» мейманханасында «Astana Minerals & Metallurgy - АММ 2010» минералдық ресурстар мен металлургия жөніндегі 1-ші қазақстандық халықаралық конгресіне арналған баспасөз мәлихаты өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталмыш шараға Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрмұхамбет Әбдібеков, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапанов, «Ехро kz» компаниясының Бас директоры Диляра Ибрагимова, «Human Capital Lead» компаниясының Бас директоры Меруерт Ибрагимова қатысады деп күтілуде.
«Astana Minerals & Metallurgy - АММ 2010» минералдық ресурстар мен металлургия жөніндегі 1-ші қазақстандық халықаралық конгресі маусымның 30-ы мен шілденің 1-і аралығында Астанада өтеді. Жобаны ұйымдастырушылар Қазақстан Үкіметі мен елорда әкімдігі, сондай-ақ Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі.
Конгрестің мақсаты - минералдық ресурстар мен металлургия саласына инвестиция тартуға ықпал ету және экономиканы шикізат өндірісінен ғылымға негізделген өнеркәсіпке бұру. Сонымен қатар Астана қаласын бизнес-құрылымдар мен мемлекеттік органдардың байланыс алаңы ретіндегі әлеуетін арттыру. Қазақстандық өнім өндірушілерді мемлекет тарапынан қолдау.
Конгрес қала күнін атап өтуге қатысты мерекелік шаралардың қатарында.