Астанада «AstanaFlorExpo - 2011» II Халықаралық гүлдер мен ландшафт дизайны көрмесі өтіп жатыр

АСТАНА. 27 cәуір. ҚазАқпарат /Айнұр Кенебаева/ - Астанада «AstanaFlorExpo - 2011» II Халықаралық гүлдер мен ландшафт дизайны көрмесі өтіп жатыр. Бүгін Астаналық «Көрме» кешенінде халықаралық көрме ресми түрде өз жұмысын бастады.
None
None

Көрмені ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері агенттігі және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Астана-Экспо КС» көрмелік кешені «ЦветыЭкспо» халықаралық көрме директоратымен бірлесе ұйымдастырып отыр.

Көрмеге гүл сату, көгалдандыру және ландшафтық дизайн ісімен айналысатын 25 отандық және Голландия, Кения, Колумбия, Ресей, АҚШ, Түркия сынды мемлекеттерден келген 50 шет елдік компания қатысуда.

Көрме аясында гүл дизайнының озық үлгілерімен таныстыратын «Гүл әлемі» атты флористикалық фестиваль өткізілмек. Фестивальдің арқау етер тақырыбы үйлену тойы болмақ. Отандық әрі шет елдік флорист-мамандар қалыңдықтың қолға ұстайтын гүл шоқтарынан бастап, тойға арналған лимузиндерді безендіруге дейінгі шығармашылық шеберліктерін жұртшылық назарына ұсынбақ.

«AstanaFlorExpo - 2011» көрмесі сәуір айының 29 жұлдызына дейін жалғаспақ.

Соңғы жаңалықтар