Астанада Astrabus-тың орнына жаңа қосымша іске қосылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - City Transportation Systems (CTS) компаниясы елорда қоғамдық көліктерінің жүрісін қадағалайтын өз қосымшасын әзірлеп жатыр. Қосымша осы жылдың ішінде іске қосылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Компания баспасөз қызметінің түсіндіруінше, бұрынғы Astrabus қосымшасы басқа әзерлеушіге тиесілі. Бүгінде ол жұмысын тоқтатқан. Ал оның жұмыс істемей тұрғандығына орай CTS компаниясы өзіне ешқандай жауапкершілік алмайды.

«Сонымен қатар компания автобустардың қозғалысын қадағалайтын өзінің қосымшасын әзірлеп жатыр. Биыл барлық іске қосу және ретке келтіру жұмыстары аяқталғаннан кейін пайдалануға беру жоспарланған», - деді компаниядан.

Бұған дейін Astrabus қосымшасы арқылы астаналық автобустардың қозғалысы бақыланбайтындығы хабарланған еді.

«Astrabus қосымшасына енді қолдау көрсетілмейді және ол жаңартылмайды. Бұл қосымша біздің компанияға емес, үшінші тарап әзірлеушілеріне тиесілі екенін атап өтеміз. Балама ретінде Сіздерге елордалық автобустардың бағыттарын қадағалауға көмектесетін тиісті қосымшалардың тізімін арнайы таңдадық: 2gis, Yandex. Карталар. Олардың көмегімен сіз автобустардың қозғалысын қадағалап, олардың қозғалыс үлгісін қарай аласыз, сапарыңыз үшін жақсы жолды таба аласыз» - деп хабарлаған еді CTS.


Соңғы жаңалықтар