Астанада астыртын цех ірі өндірушілердің бірінің тауар белгісін заңсыз қолданып, оған 3,5 млн.теңге залал келтірген

АСТАНА. Қазанның 21-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Астанада ірі өндірушілердің бірінің тауар белгісін заңсыз қолданып, оған 3,5 млн.теңге залал келтірген қылмыскер сотталды.

Астанада астыртын цех ірі өндірушілердің бірінің тауар белгісін заңсыз қолданып, оған 3,5 млн.теңге залал келтірген

Ол 13,5 млн. теңгенің алкогольдік өнімін заңсыз жасап, сатқан. Сот шешімімен қылмыскер 4 жыл бас бостандығынан шартты айыруға кесілді. 

Тәркіленген контрафактілік өнім жойылды.

Жылдың басынан қаржы полициясы қызметкерлерімен осындай алкогольдік өнімді дайындаушы 11 астыртын цехтың қызметі тоқтатылды.