Астанада «Ата Заңым - ардағым» атты автошеру өтті

СТАНА. Қыркүйектің 6-сы. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Сенбі күні, қыркүйектің 4-інде елордада ҚР Конституциясының 15 жылдық мерейтойына арналған «Ата Заңым - ардағым» атты автошеру өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астанада «Ата Заңым - ардағым» атты автошеру өтті

«Отан қорғаушылар» алаңынан бастау алған автошеру барысында еліміздің Туымен безендірілген автокөліктер елорданың орталық көшелерімен жүріп өтіп, қала тұрғындарына Конституцияның қысқаша тарихы жазылған парақшалар таратты.

Мерекелік Іс-шара «Нұр Отан» ХДП-нің «Жас Отан» жастар қанатының және «Есірткісіз болашақ» жастар корпоративтік қоры бастамасымен ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған.

«Бүгінгі іс-шараға 40 автокөлік қатысуда. Автошеру жастарымыздың жүрегіндегі патриоттық, отансүйгіштік сезімдерін оятуға бағытталған. Қазақстан Республикасының символдарына, Конституциясына деген құрметті көрсетуге талпынамыз», дейді Астана қаласының ұйымдастыру-әдістемелік және тәрбиелік жұмыс басқармасының бастығы Шыңғысбек Сұлтанбеков.