Астанада атақты швейцариялық теннисші Мартина Хингис балаларға шеберлік сыныптарын өткізді

ҚР Теннис федерациясының хабарлауынша, аталмыш шара жас спортшыларды жастарды үлкен тенниске бейімдеу және олардың кәсіби шеберліктерін шыңдау мақсатында ұйымдастырылды.
«Мен балалармен ойын өткізіп, рахаттандым. Қазақстанның кішкентай балалары мені өздерінің ойындарымен таңқалдырды, олардың бастапқы техникалары өте тамаша», - деді арнайы баспасөз мәслихатында сөз алған Мартина Хингис.
«Қазақстандық теннистің әлеуеті өте жоғары. Келешекте сіздердің спортшылардың биік жеңісіне куә боламыз деген ойдамын», деп атап өтті ол.
«Бұл менің соңғы сапарым емес деп үміттенемін. Мен Астана мен Алматыда шеберлік сыныптарын өткізуге қуана-қуана келістім. Және сіздердің елдеріңіз мен күткеннен әлдеқайда өзгерек болып шықты», - деді М.Хингис.
Мартина Хингис - 1997, 1999, 2000 жылдары әлемнің бірінші ракеткасы атанған танымал швейцариялық теннисші. «Үлкен дулығаның» бес дүркін иегері. «Үлкен дулыға» турнирінің жұптық сайысындағы жеңімпазы. 2005 жылы жарақаттан айыққан Хингис Австралия мен Италия ашық біріншіліктерінде дүркін-дүркін жеңістерге қол жеткізеді. 2006 жылы 500-інші жеңісіне қол жеткізді. 2007 жылы қарашада өзінің мансабын осымен тәмамдалғанын мәлім етті.