Астанада атақты жапон шебері Итику Куботаның кимонолары көрмеге қойылды
АСТАНА.6 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Тәуелсіздік сарайында Итику Кубота кимоноларының бірегей көрмесі ашылды. Аталмыш экспозиция Астана қаласы әкімдігінің және ҚР-дағы Жапония Елшілігінің ұйымдастыруымен өтуде. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жиынтықта көрсетілген әр кимоно өнер туындысы болып табылады.
«Аталмыш көрме біздің елімізде алғаш рет өтіп жатыр. 2010 жылы коллекция дүниежүзіне бөлек-бөлек таратылып кетпеуі мақсатында меценат Фаттах Шодиевпен сатып алынған. Егер бірнеше кимононы біріктірсе, ортақ өнер дүниесі туады. Жалпы коллекцияда 104 экспонат бар. 2013 жылы қыркүйекте Астана мен Алматы, 2014 жылы қаңтарда коллекция Манежде (Мәскеу), сондай-ақ аталмыш көрмені өткізуге БАӘ және Франция елдерінің мұражайлары да ұсыныс тастап отыр. Көрме 19 қыркүйекке дейін жалғасын таппақ.
Итику Кубота 1917 жылы Токио қаласында дүниеге келген. Ол кескіндеме мен тоқыма өнерінің ұлы шебері болды. 14 жасында мектепті тастап кетіп, қолмен әшекейлеу өнерімен айналысатын кимоно суретшісі Кобаяси Киесидің шәкірті болған. Сондай-ақ, Кубота маталарды безендірудің басқа да әдіс-тәсілдерін, жапон стиліндегі пейзаждық кескіндемені, портрет салуды үйренді. Соғыстан кейін Сібірде лагерьде тұтқында болды. Жапонияға оралған соң "цудзигахана" бояу техникасын меңгерген. Ол 1977 жылы 60 жасында "Итику цудзигахана" өзіндік бояу техникасын шығарғанын мәлім етті. Шебердің еңбектерінің көрмелері Жапония, Франция, Бельгия, АҚШ және басқа да мемлекеттерде өткізіліп, жоғары бағаға ие болды. Автор 2003 жылы көз жұмды.