Астанада «Атамекен» - Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені «Ұлыстың ұлы күні - Әз Наурыз» мерекелік шараларын өткізеді

АСТАНА. 20 наурыз. ҚазАқпарат - Наурыз мерекесіне байланысты «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені ұлтымыздың мәдениеті мен салт-дәстүрін насихаттау, түркі халықтарының бірлігі мен ұлттар ынтымағын арттыру, өскелең ұрпақты елжандылыққа баулып, халыққа мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында «Ұлыстың ұлы күні - Әз Наурыз» атты мерекелік іс-шаралар ұйымдастырғалы отыр.
None
None

«Атамекен» төрінде қазақ үйлер құрылып, ұлттық «Тұсаукесер», «Бесікке салу» дәстүрлері көрсетіледі. Келген қонақтар «Наурыз көжеден» дәмін татып, ыстық бауырсақ жеп, самауыр шайын, қымыз бен шұбат ішіп, түрлі ойындарға қатыса алады.

Халықтың назарына мерекелік концерт ұсынылады.

Мерекелеу барысында қала тұрғындары арасында жарияланған «Атадан қалған ақбоз үй», «Ең дәмді наурыз көже», «Ең дәмді-бал бауырсақ», «Ең дәмді қымыз», «Ең дәмді самауыр шайы», «Ең үздік наурыз тілек», «Ең үздік Наурыз туралы ән, терме, жыр», «Ең үздік ұлттық би және шығыс биі», «Қыз көркі - бұрым», «Әдемі киім - ұлттық киім», «Ең үздік Наурыз туралы мақала», «Балаларға арналған үздік әңгіме», «Балаларға арналған сурет байқауы», «Үздік қолөнер» және тағы басқа да байқаулардың қорытындысын шығаруға қатысып, өз бағаларын беретін болады.

Мерекелік шаралар 22 наурыз күні сағат 11:00-де басталады.

Соңғы жаңалықтар