Астанада «Атамекен» одағы» ҰЭП съезі өтуде

денің 10-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Астанадағы «Редисон» қонақүйінде «Атамекен» одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасының съезі басталды,

Астанада «Атамекен» одағы» ҰЭП съезі өтуде

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Республиканың бизнес қауымдастығы мен мемлекеттік органдары өкілдерінің қатысуымен өтіп жатқан съезде негізгі үш мәселе - ел экономикасын индустриялизациялаудағы бизнестің мақсат- міндеттері, «Атамекен» одағы» ұлттық экономикалық палатасының жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және ұйымның басқарма құрамын сайлау жайы қаралуда. Съезд жұмысына «Атамекен» одағы»  Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасының басшысы Азат Перуашев төрағалық етуде.