Астанада атаулы көмек алушылар саны азаюда

АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгінде Астанада атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны азайып келеді. Аталған нәтижелерге «Жұмыспен қамту 2020» жобасын жүзеге асыру аясында тұрақты жұмыс орнын ашу, аудан әкімдіктеріндегі жұмыс топтарының белсенді жұмыс жүргізулері арқасында жұмыссыздарды әлеуметтік қорғаудың пәрменді іс-шаралары есебінен қол жеткізіліп отыр, деп жазады елорданың ресми сайты.
None
None

Әлеуметтік салада алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру аясында Астанада азаматтар үшін әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз ету жұмыстары мына бағыттарда қарастырылған:

- тұрақты мекен-жайлары жоқтар мен психоневрологиялық сырқаты бар жандарға қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерге (МӘМ-де әлеуметтік көмек көрсетудің: әлеуметтік-психологиялық, медициналық, тұрмыстық, еңбек, заңдық және басқа да 7 түрі енгізілген) тегін қаралу әлеуметтік көмегі;

- жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға (зейнеткерлер мен барлық топтағы мүгедектердің, көпбалалы отбасылардың (барлығы 62 мың адам) қалалық қоғамдық көлікте тегін жүру сияқты әлеуметтік көмек пен қызметтің 16 түрі) мерекелер мен басқа да атаулы даталарда бірмезгілдік төлем әлеуметтік көмегі;

- тұрмысы төмен азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға мемлекеттік жәрдемақы, тұрғын үй көмегі (2013 жылы табысы күнкөріс деңгейінен төмен тұрғындар үлесін 1,6%-ға дейін, соның ішінде АӘК алушыларды 6 %-ға азайту жоспарлануда) одан әрі жалғасатын болады.

Соңғы жаңалықтар