Астанада аты аңызға айналған ғарышкер Тоқтар Әубәкіровті 70 жылдығымен құттықтады (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - 70 жылдық мерейтойы күнінде Отандық авиацияның аңызға айналған шебері, Халық қаһарманы, Кеңес Одағының батыры, авиация генерал-майоры, ғарышкер Тоқтар Әубәкіров ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығында құттықтауларды қабылдады.
Мерейтой иесін құттықтауға Ақмола өңірлік гарнизонының әскери қызметшілері келді, олардың ішінде Қазақстанның Әскери-әуе күштерінің ұшқыштары да бар. Шараға әскери ұшқыш, әскери ұшақтарды сынақтан өткізуші - қазақстандық Тоқтар Әубәкіровтың қалыптасу жолын бақылаған КСРО әскери авация ардагерлері, Кеңес Одағының, Ресей Федерациясы мен Еуроодақ елдерінің ұшқыш-ғарышкерлері келді, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінен.
Мерейтой иесінің құрметіне Ұлттық әскери-патриоттық орталықта Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтті. Әскери ұшқыш, ғарышкер, Қазақстанның халық батыры жолының қалай басталғанын қонақтар Қарулы күштер мұражайының залдарының бірінде ұйымдастырылған фотокөрме арқасында еске түсіріп, мұқият танысты.
Тоқтар Әубәкіров - әскери ұшқыш қана емес, ол тұңғыш қазақ ғарышкері. 1991 жылы 2 қазанда экипаж құрамында «Союз ТМ-13» кемесінде ғарышкер зерттеуші ретінде ол ғарышқа аттанды. Онда 7 күн 22 сағат, 13 минут болды. Кейіннен Әубәкіров мемлекеттік қызметте жұмыс атқарды, әр жылдары ҚР Мемлекеттік қорғаныс комитеті төрағасының бірінші орынбасары, ҚР Президентінің ғарышты игеру жөніндегі көмекшісі болған.
Ғарышкер жас ұшқыштармен тәжірибесімен бөлісіп келеді. Қазақстан ӘӘК офицерлері үшін ғарышкер, еңбек сіңірген сынақшы-ұшқыш Тоқтар Әубәкіров - үлгі тұтар азамат.