06:09, 26 Тамыз 2014 | GMT +5
Астанада ауа райы өзгереді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада алдағы күндері ауа райы суытады.

Кеше елордада күн бұлтты болғанымен ауа температурасы күндіз +26+28°С, түнде +18+20° жылыны көрсетті. C иноптиктердің болжамынша, 26 тамызда күндіз +18+20°С, түнде +13+15°С, 27 тамызда күндіз +21+23°С болады, түнде сынап бағанасы +7+9°С көрсетеді.
Алдағы күндері көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, солтүстіктен, солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді, деп хабарланған Астана әкімдігінің ресми сайтында.