Астанада ауаны ластайтын негізінен автокөліктер - басқарма
Елордада қоршаған ортаны ластау бойынша көліктер көш бастап тұр, деп хабарлайды Kazinform.
«Ауаны ластау бойынша негізгі көрсеткіш автокөліктерге тиесілі. Дегенмен өткен жылы газға ауысқан кезде шығарынды айтарлықтай азайды. Елордада соңғы 5 жылда автомобиль саны 20,2 пайызға артты. Соңғы 3 жылда автомобильден шығатын атмосфераны ластаушы шығарынды көлемі өзгеріссіз қалып отыр. Биыл алты айда 27 мың тонна ауаны ластау жағдайы тіркелді. Автокөліктердің ауаны ластауына себеп – көліктердің көбеюі, көшелердегі жиі және үздіксіз кептелістер», - деді Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерлан Бердалин қалалық мәслихат отырысында.
Оның айтуынша, Астанада ауа ластануының жоғары көрсеткіші жылыту маусымында жиі тіркеледі.