Астанада «Ауди» автокөлігі жаяу жүргіншіні соғып кетті, ол оқиға орнында көз жұмды

АСТАНА. Маусымның 11-і. ҚазАқпарат - Астанада бір адам қаза тапқан жол-көлік апаты орын алды.

Астанада «Ауди» автокөлігі жаяу жүргіншіні соғып кетті, ол  оқиға орнында көз жұмды

ҚР ТЖМ хабарлағандай, елордадағы «Есіл» ауданына қарасты Қорғалжын тас жолынан Ильинка ауылына қарай бұрылатын жерде 31 жастағы «Ауди» автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргінші өтетін жолда бір адамды соғып кеткен. Жол-көлік апатының салдарынан көшеден өтіп бара жатқан 39 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды.