Астанада Ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетілді

АСТАНА. Ақпанның 14-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Ауған соғысының аяқталғанына 20 жыл толып отыр.
None
None
Бүгін соған орай, Астана қалалық Ішкі істер департаменті басшылығы елордалық ардагерлерге құрмет көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Ішкі істер департаментінде Ауған соғысының 13 ардагері қызмет атқарады. Ал 6 интернационалист департамент ардагерлерінің қатарында. Бұл Ауған соғысының отын көрген ардагерлер серіктес жас ізбасарларына үлгі көрсетіп, патриоттық рух беріп келеді», - деді шараға қатысқан Астана қалалық ІІД-інің бастығы Марат Демеуов. Бүгінгі мерекелік шарада департамент ардагерлері «Жауынгер-интернационалист», «Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 15 жыл» және «От благодарного Афганского народа» медальдарымен марапатталды.Еліміздегі 15-18 мың интернационалист-жауынгердің 3 мыңы Астана қаласында тұрады. Оларға ел Үкіметі тарапынан жан-жақты көмек көрсетіліп келеді. Атап айтқанда, Елбасы Н. Назарбаев интернационалист-жауынгердің бірі, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевқа «Халық Қаһарманы» атағын берсе, Астана қаласы әкімдігі елордадағы интернационалист-жауынгерлерге бірнеше пәтер бөліп отыр.
Соңғы жаңалықтар