Астанада аукцион арқылы 35 жер учаскесі сатылды

СТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда Астанада бес аукцион өткізіліп, 64 жер учаскесі сатылымға шығарылды, соның ішінде жалпы құны 441,2 млн. теңгені құрайтын 35 жер учаскесі өткізілді, деп хабарлайды astana.kz.

Астанада аукцион арқылы 35 жер учаскесі сатылды

Қалған 29 учаске алдағы уақытта қайта сатылатын болады. Келесі аукцион 9 желтоқсанда өтпек, онда 15 жер учаскесі сатылымға шығарылады. Астана қалалық Жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының хабарлауынша, қалада 5,9 мың га жуық жер жалға берілген, соның ішінде жалпы ауданы 4,2 мың га құрайтын 12 жер учаскесі - ауыл шаруашылықпен айналысу, жалпы ауданы 1 мың га 671 жер учаскесі - өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және т.б. үшін пайдаланылады. Жалпы ауданы 0,7 мың га 3049 жер учаскесі елді мекендер болып табылады.