Астанада ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі саласындағы жаңа өнімдер таныстырылады

АСТАНА. 29 қазан. ҚазАқпарат - 2013 жылғы 30 қазан мен 1 қараша аралығында «Көрме» орталығында «KazAgro 2013» ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібінің және «KazFarm 2013» мал шаруашылығы мен ет және сүт өнеркәсібі жөніндегі жыл сайынғы ірі халықаралық көрмелері өтеді.

Астанада ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі саласындағы жаңа өнімдер таныстырылады

Шара барысында Австралия, Австрия, Беларусь, Венгрия, Германия, Үндістан, Испания, Италия, Канада, Нидерланды, Польша, Ресей, АҚШ, Түркия, Украина, Франция, Швейцария, Оңтүстік Корея және Қазақстан елдерінің 200-ден астам аграрлық өнеркәсіп компаниясы өз өнімдерін ұсынады.

Көрмеге келушілер мен қатысушылардың назарына ауыл шаруашылығы машиналарын жасау мен қондырғылардың жаңа түрлері, өсімдік, мал, құс шаруашылықтарына, тыңайтуға арналған технологиялар, өсімдіктерді қорғау заттары, ветеринария, жемшөптің түрлері, ауыл шаруашылығы саласындағы қызметтер ұсынылады. Бұл туралы astana.kz хабарлады.