Астанада ауыл шаруашылық жәрмеңкелерінде 336 тонна өнім сатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Апта сайын жұма-жексенбі күндері Қ. Мұңайтпасов атындағы орталық стадионның (Кенесары к-сі, 14) және «Думан» оайын-сауық орталығының тұрақтарында Астана қаласының, Ақмола және Қарағанды облыстарының тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өтеді.

Астанада ауыл шаруашылық жәрмеңкелерінде 336 тонна өнім сатылды

Елорданың ресми сайтының хабарлауынша, жәрмеңкелердегі бағалар базардағыдан 10-15 пайызға төмен. Бүгінгі таңда 336 тонна өнім сатылды.

Жәрмеңкеге 150 жабдықтаушы мен өндіруші қатысады. Жәрмеңкеде «Капитал Натур продукт» ЖШС, «Нәтиже» ЖШС, «Милк прожект» ЖШС, «Дәмді ет» ЖШС, «Қазгер-Құс» ЖШС, «Жас қанат» ЖШС және т.б. кәсіпорындар өз өнімдерін ұсынады.

Елордалықтар 500-ден астам тауар түрін сатып ала алады, соның ішінде ет, балық, сүт, шұжық өнімдері, жемістер мен көкөністер, ұн, жарма, май және т.б.