Астанада ауылшаруашылығы өнімдерінің «Ауыл Береке» жәрмеңкесі өткізілуде

АСТАНА. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - Бүгін Астанада ауылшаруашылығы өнімдерінің «Ауыл Береке» жәрмеңкесі өткізілуде, деп хабарлайды астана әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

Жәрмеңке қаланың үш жерінде өткізілуде. Сауда кешкі алтыға дейін жүргізіледі.

Жәрмеңкеде Ақмола, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары мен Астана қаласының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің өнімдері ұсынылған.

Астана әкімдігі осы секілді шаралардың ертең де, қазанның 2-сі мен 3-і аралығында да өткізілетінін еске салады.

Соңғы жаңалықтар