Астанада ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде

АНА. Тамыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Астанада ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Ауыл шаруашылығы өнімдері елордаға Алматы облысы, Қарағанды және Ақмола өңірлерінен әкелінді. Жол шығынын «Жетісу» және «Сарыарқа» әлеуметтік- кәсіпкерлік корпорациялары толық өтеп отыр.

 Конституция күніне орай ұйымдастырылған жәрмеңкеде жеміс-жидек, көкөніс, ет және сүт өнімдері, балық еттерін өндіретін 500-ге тарта шаруа қожалықтары қатысуда. 

 «Жетісу» Әлеуметтік- кәсіпкерлік корпорациясы қызметінің басым бағыты ауыл шаруашылығын дамыту және Алматы қаласында азық-түлік белдеуін құру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Күзгі жиын-терін жұмыстарының басталуына орай, Конституция күнінде біз астаналықтарды қуантпақ болдық», деді «Жетісу» ӘКК төрағасының орынбасары Ғалым Қарқынбаев.

 Жәрмеңкеге шығарылған көкөніс, жеміс-жидек бағалары алып-сатарлардың қатысуынсыз өтіп жатқандықтан - өте төмен. Мысалы, қызанақтың киләсі 25 теңге, картоптың киләсі 15 теңгеден, қарбыздың киләсі 5 теңгеден сатылуда. 

 Жәрмекеге 450 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері әкелінді.

Соңғы жаңалықтар