Астанада ауыр атлетикадан Илья Илин атындағы халықаралық турнир өтеді

АЛМАТЫ. Маусымның 25-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Астанада шілденің 3-і күні ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы Илья Илин атындағы халықаралық турнир өтеді,

Астанада ауыр атлетикадан Илья Илин атындағы халықаралық турнир өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат  Штаттағы ұлттық командалар және спорт резерві дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оны ҚР Туризм және спорт министрлігі, Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы және Астана қаласының әкімдігі бірігіп ұйымдастырып отыр. Мемлекеттік цирк манежінде өтетін  бұл шара 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының және 2005, 2006 жылдардағы Жастар мен ересектер арасындағы Әлем чемпионатының жеңімпазы, «Құрмет» орденінің иегері Илья Илиннің құрметіне арналған. Оған 15 елден атлеттер қатысады деп жоспарланып отыр. Олардың арасында үш дүркін Олимпиада (1996, 2000, 2004 жж.)  чемпионы түркиялық Халил Мутлу, Сидней мен Бейжің Олимпиадасының жүлдегері Шимон Колецкий (Польша),  Бейжің Олимпиадасының жеңімпазы германиялық  Маттиас Штайнер сияқты әйгілі спорт саңлақтары болады деп жоспарлануда.