Астанада автобус бағыты уақытша өзгерді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты кейбір қоғамдық көліктердің бағыты өзгерді.

Астана
Фото: Kazinform

«City Transportation Systems» ЖШС хабарлағандай, жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, №№ 313, 314 бағдарлардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.

«Өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар. Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз», - делінген хабарламада. 

автобус
Фото: «City Transportation Systems» ЖШС