Астанада автобус-дәмхана пайда болды

АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарына шаһардың көрікті жерлерін немістің MAN SL-200 автобусының ішінде дастархан басында отырып аралау мүмкіндігі туды.

Астанада автобус-дәмхана пайда болды

Бұл туралы "Астана ақшамы" газеті жазады.

Әдемі безендірілген дивандары, үстелдері мен VIP орындары бар ерекше автобус өз жолаушыларын «Бәйтерек» монументі мен «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығының алдында күтеді.