Астанада автобус қаққан әйел мерт болды

АСТАНА. KAZINFORM – Елордада Тұран мен Сығанақ даңғылдарының қиылысында автобус әйелді басып кетті.

Алматы
Фото: Kazinform

Оқыс оқиға реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолағында болған. Алған жарақатынан әйел тіл тартпай кетті.

- «102» нөміріне Сығанақ көшесімен келе жатқан автобус Тұран даңғылына оңға бұрылған сәтте реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы ақпарат түсті. Әйел алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды. Қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Алматыда автобустың қатысуымен болатын жол апаттары неге жиілеп кеткенін зерттеп көрген едік.

 

Иностранец организовал тайник в грузовике для нелегальной миграции в Казахстан
Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда заңсыз миграция арнасы: жүк көлігіндегі құпия орын әшкереленді