Астанада автобус жүргізушілері үш күнде 280 рет жол ережесін бұзған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізілген үш күннің ішінде автобус жүргізушілері 280 рет жолда жүру ережесін бұзған, деп хабарлады елордалық ІІД баспасөз қызметі. 

Астанада автобус жүргізушілері үш күнде 280 рет жол ережесін бұзған

Астана қалалық ІІД әкімшілік полиция басқармасының хабарлауынша, жедел-профилактикалық іс-шаралар кезінде қоғамдық көлік жүргізушілерінің 280-нен астам жол жүру ережелерін бұзғандығы анықталды. Анықталған ереже бұзу фактілері бойынша автобус жүргізушілері әкімшілік жауапқа тартылды.

«Сондай-ақ, желіге техникалық ақауы бар автобустарды шығару фактілері анықталды. 6 лауазымдық және заңды тұлғаға (автобус парктері) қатысты әкімшілік жазаға тарту туралы әкімшілік өндіріс қозғалды», - делінген хабарламада.