Астанада автобусқа шабуыл жасалған жоқ - ІІД

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының Ішкі істер департаменті елордада жолаушылар автобусының біріне шабуыл жасалды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін таңертең әлеуметтік желіде қала ішінде автобусқа шабуыл жасалды деген ақпарат тараған болатын. Интернетке орналастырылған видеода терезелері сынған автобусты көруге болады. Ішкі істер департаментінің хабарлауынша, автобус жол апаты салдарынан бүлінген.

«Бүгін таңғы сағат 08.30-да Дүкенұлы көшесінде жол апаты болды. «Киа» маркалы автокөлік автобуспен соқтығысты. Автобустың ішінде жолаушылар болмаған. Апат салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Автобустың терезелері сынған»,-деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар
telegram