Астанада автобустарға арналған жолақтарға қатысты жол ережесін бұзған жүргізушілерге айыппұл салынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгіннен бастап Астана қаласында қалалық қоғамдық көліктің қозғалысы үшін «BUS LINE» жеке бөлінген жолақтардың бірінші кезеңі іске қосылды. Ол Бауыржан Момышұлы даңғылы Абылайхан даңғылынан Сарайшық көшесіне дейін және Бөгенбай батыр даңғылы Уәлиханов көшесінен Сарыарқа көшесіне дейінгі аралықты қамтиды.

«Осыған орай, жүргізушілердің естеріне жолда жүру ережелерін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік жүктелетінін еске саламыз», деп хабарлайды Астана қалалық ІІД-інің баспасөз қызметінен. Сонымен, жол жүрісінде басымдықты пайдаланатын көлiк құралдарының жүргiзушiлерiн қоспағанда, жол жүрiсi қағидаларының жаяу жүргiншiлерге немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларына жол беру талаптарын орындамау - 10 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады (ҚР ӘҚБтК 600-б. 1-т.). Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет бойынша 20 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынады (ҚР ӘҚБтК 600-б. 2-т.). Сондай-ақ жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау 5 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады (ҚР ӘҚБтК 601-б. 1-т.). Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет - 10 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға дәйек болады (ҚР ӘҚБтК 601-б. 2-т.). Ал ақпараттық-нұсқау белгілері мынадай: - «Маршруттық көлік құралдарына арналған жолақ». Көлік құралдарының жалпы легімен жол-жөнекей жүретін маршруттық көлік құралдарының жүруіне ғана арналған жолақ. Белгі ол орнатылған жолаққа қолданылады. Жолдың оң жағына орнатылған белгі оң жолаққа қолданылады. - «Маршруттық көлік құралдары үшін жолағы бар жол». Маршруттық көлік құралдарының жүрісі көлік құралдарының жалпы легіне қарсы арнайы бөлінген жолақта жүзеге асырылатын жол. - «Маршруттық көлік құралдары үшін жолағы бар жолға шығу». - «Маршруттық көлік құралдары үшін жолағы бар жолдың аяқталуы».

Соңғы жаңалықтар
telegram