Астанада автокөлік пен жолаушылар автобусының соқтығысуы салдарынан екі адам мерт болды
АСТАНА. Желтоқсанның 17-сі. ҚазАқпарат - Елордада «Ауди» автокөлігінің «Сетра» жолаушылар автобусымен соқтығысуы салдарынан екі адам мерт болды,
тағы біреуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Жол-көлік оқиғасы бұрынғы керамика зауытының маңында, сәрсенбі күні, желтоқсанның 16-сында орын алды.
Апат салдарынан «Ауди» автокөлігінің екі жолаушысы - 41 және 21 жастардағы ер адамдар опат болды. Автобус салонындағы барлық 36 жолаушының ешқайсысы да зардап шеккен жоқ. «Сетра» жолаушылар автобусының жүргізушісі жарақат алған.