Астанада автокөліктің ішінде 29 жастағы ер адам жанып кетті - ҚР ТЖМ

ТАНА.14 қараша. ҚазАқпарат - Астанада автокөліктің ішінде 29 жастағы ер адам жанып кетті.
None
None

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан хабарлады.

13 қараша, жексенбі күні түңгі сағат 3-те, Алматы ауданы, Өндіріс тұрғын алабындағы жекеменшік тұрғын үйлердің бірінің ауласында тұрған «Ауди» автокөлігі жанып кетті. Оқиға орнына жеткен ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің он адамы мен екі техникасы жалынды 39 минуттың ішінде ауыздықтады. Өртті сөндіру барысында көліктің салонында 1982 жылы туған азаматтың денесі табылды.

Соңғы жаңалықтар