Астанада автокөлік бөлшектері сақталған ангарда болған жоғары деңгейлі өрт сөндірілді

АСТАНА. KAZINFORM – Өрт толығымен 500 шаршы метр алаңда сөндірілді. 

Астанада автокөлік бөлшектері сақталған ангарда болған жоғары деңгейлі өрт сөндірілді
Фото: ТЖМ

— Өрт 500 шаршы метр аумақта толықтай жойылды. Өрт орнында өртті зерттеу сынақ зертханасының және ТЖД тергеу бөлімінің мамандары жұмыс істеп жатыр, — деп хабарлады жұма күні ТЖМ баспасөз қызметі.

Астанада автокөлік бөлшектері сақталған ангарда болған жоғары деңгейлі өрт сөндірілді
Фото: ТЖМ
Астанада автокөлік бөлшектері сақталған ангарда болған жоғары деңгейлі өрт сөндірілді
Фото: ТЖМ
Астанада автокөлік бөлшектері сақталған ангарда болған жоғары деңгейлі өрт сөндірілді
Фото: ТЖМ

Сарыарқа ауданындағы автокөлік бөлшектері сақталған ангарда өрт таңертең ерте басталған. Оқиға орнында жеке тұрғын үйлерді қорғау мақсатында төрт жауынгерлік бөлімше құрылған. Зардап шеккендер туралы ақпарат 112 қызметіне түспеген.

Айта кетелік жақында ШҚО-дағы ірі дала өрті сөндірілген еді. Алдын ала дерек бойынша өрттің жалпы ауданы 2000 гектар болды

 

Соңғы жаңалықтар