21:05, 15 Сәуір 2025 | GMT +5
ШҚО-дағы ірі дала өрті сөндірілді
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында қамыс пен шөпті шарпыған жалын толықтай өшірілді.

Зайсан ауданының Біржан ауылдық округіне қарасты Шұбырағаш аумағында қамыс пен құрғақ шөпті шарпыған жалын сөндірілді.
- Алдын ала дерек бойынша өрттің жалпы ауданы 2000 гектарды құрады. Зардап шеккен ешкім жоқ, - деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
Еске салсақ, осыған дейін Зайсан ауданында қамыс өртенгені жайлы жазғанбыз.
Өртті ауыздықтауға тікұшақ тартылған.
Оқиға орнында өрт сөндірушілерден бөлек 200-ден астам адам жұмыс істеді. Олардың ішінде 100 ерікті және 100 жергілікті атқарушы орган қызметкері бар.