Астанада аялдамалардың біріндегі күдікті зат тұрғындарды дүрліктірді

АСТАНА. KAZINFORM – Әлеуметтік желіде Астана қаласының Тұран даңғылындағы аялдамалардың бірінен күдікті зат табылып, полиция маңайды қоршауға алғаны туралы мәлімет тараған. 

полиция
Фото: polisia.kz

Қалалық полиция департаменті оқиғаның мән-жайын баяндап, ресми мәлімет ұсынды.

«Полиция департаментіне Тұран даңғылындағы «Анвар» супермаркетіне қарама-қарсы орналасқан аялдамада гитара табылғаны, оның ішінде жарылғыш зат немесе құжаттар болуы мүмкін екені туралы хабар түсті.

Тексеру қорытындысы бойынша, аялдамадағы зат құрылыстан қалған, ешқандай қаупі жоқ қоқыс екені анықталды», - делінген полиция мәліметінде.