Астанада аялдаманы сындырған жасөспірім жауапқа тартылды

АСТАНА. KAZINFORM — Бөгенбай батыр даңғылында жасөспірім аялдама павильонының әйнегін теуіп сындырып, оқиға орнынан бой тасалаған. 

Автобусная остановка, Астана, Автобус аялдамасы
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Полиция қызметкерлері құқық бұзушыны анықтады. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Кәмелетке толмаған жасөспірім профилактикалық есепке алынды. Оның мінез-құлқы мен жасаған құқық бұзушылығы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия отырысында жеке қаралып, тиісті профилактикалық шаралар қабылданады.

Жасөспірімнің ата-анасы да баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.

Қалалық мүлікке келтірілген залал заңды өкілдерінен толық көлемде өндіріліп алынады.