Астанада аялдаманы соққан жүргізуші 2 млн теңге төлейтін болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада аялдаманы соққан көлік жүргізушісіне 2 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елордалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада аялдаманы соққан жүргізуші 2 млн теңге төлейтін болды

«Mitsubishi жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, елордалық компаниялардың біріне тиесілі аялдама кешеніне барып соғылған. Ер адам ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапқа тартылып, айыпты деп танылды», - делінген хабарламада.

Жылжымайтын меншікті жөндеуге кеткен қаражат 1 921 795 теңгені құраған. Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты осы материалдық шығынды жүргізушіден өндіруге шешім шығарды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.